Шымкентте қызметтік формасыз жұмысқа шыққан полиция инспекторы жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қызметтік формасыз жұмысқа шыққан полиция инспекторы жазаланды

18.05.2021

Шымкент қаласында қызметтік формасынсыз, ерекше стильде киінген полиция инспекторы сауда орнына тексеріс жүргізіген. 

Үстіне шолақ жең брендттік футболка мен полицияның қызметтік шалбарын киіп алған инспектор әріптесінің шақыруы бойынша Еңбекші ауданындағы заңсыз істеп жатқан базарға тексеріс жүргізбек болған. Бұл базарда сауда-саттық жасап тұрған азаматтардың наразылығын тудырып, өзара кикілжіңге себеп болды. Олардың арасындағы наразылық бірден әлеуметтік желіге тарап үлгерді. Осы оқиғаға байланысты Шымкент қалалық полиция департаменті қызметтік тексеріс жүргізіп, екі инспекторды тәртіптік жазаға тартты. 

Мөлдір Бекеева, Шымкент қаласы полиция депртаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы:
Қызметтік тексеру нәтижесімен екі полиция қызметкерінің әрқайсысына қатаң сөгіс түріндегі жаза қолданылды. 


Хабарламаларға жазылу