Қарағанды облысында ТЖ саласында 10 жыл қызмет еткен ит зейнетке шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында ТЖ саласында 10 жыл қызмет еткен ит зейнетке шықты

18.05.2021

Қарағанды облысының төтенше жағдай саласында 10 жыл қалтықсыз қызмет еткен Ника есімді иісшіл ит зейнетке шықты. Ол қаншама құтқару операцияларына қатысқан. Мәселен, Шахан қаласында қазандық жарылған кезде үйінді астында қалып қойған адамды алып шыққан. Ал 2018 жылы Қарқаралы орманында саңырауқұлақ теруге шығып, адасып қалған кеуананы тауып алады. Төрт аяқты жануар тіпті, тікұшақтан секіріп, түрлі жарыстарда да топ жарған. Кинологтар енді адал қызметкерді құрметті демалысына орай қамқор жандардың қолына тапсыруды жоспарлап отыр.

Александр Адамбаев, ТЖД Кинология бөлімінің бас құтқарушысы:
Баптауы жақсы болса, иттердің қабілеті шексіз. Әсіресе, лабрадор мен овчарка тұқымдары тәрбиеге тез көнеді. Ника өз жұмысына адал болды. Қазір жасы келгендіктен зейнетке жібердік. Енді жақсы адамдардың қолына тапсырсақ дейміз.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу