Павлодарлық шенеунік облыс әкімін сотқа берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық шенеунік облыс әкімін сотқа берді

18.05.2021

Павлодарда әкім әкімді сотқа берді. Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов облыс басшысы Әбілқайыр Сқақовты сотқа берген. 13 мамыр күні екі бірдей талап арыз түскенін №2 Павлодар қалалық сотының баспсөз қызметі растады.

Моно қала - Ақсуды үш ай басқарған Әшімбетовке әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш деңгейі түсіп кетті деген желеумен облыс әкімі сөгіс берген болатын. Іле Әшімбетовтің үстінен Ақсу әкімшілігінің қызметкерлері қол қойған хат Сқақовтың кеңсесіне түседі. Бұл дерекке қатысты Нұржан Әшімбетовтың қатысуынсыз облыстық әдеп жөніндегі коммисия қызметтік тексеру жүргізеді. Әшімбетов бұл негізсіз кінәлау және жұмыс істеуіме бағытталған қысастық деп сотқа жүгінген.  

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу