Шымкент қаласында 3 күн қатарынан тұрған екіпінді жел тұрғындарға біршама қиындықтар тудырды. Секундына 15-20 метр жылдамдықта соққан желден электр желілері айқасып, 4 шағын ауданның жарығы сөніп қалды. Сондай-ақ бағдаршамдардың істен шығуынан қала көшелерінде көлік кептелісі болды.
Жалпы үш күннің ішінде iKomek қызметіне тұрғындардан 2 жарым мыңнан астам қоңарау шалынған. Олар құлағалы тұрған ағаштар, көше бойларындағы жарнамалық билбордтардың бүлінуі, баспаналардың қас бетіне зақым келуі мүмкін жағдайлар туралы ескертпелер қалдырыпты.
Төреғали Үркімбаев, Шымкент қаласы Төтенше жағдай департаментінің бөлім басшысы:
iKomek қызметіне халықтан хабарлама түскен. Бұл бойынша жергілікті атқарушы органдар тиісті жұмыстар атқарған.
Ғани Қалмаханов