Таразда итті қорлаған тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда итті қорлаған тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды

18.05.2021

Таразда итті қорлаған тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Енді ол жануарға жәбір көрсеткені үшін 120 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады немесе екі айға қамалуы мүмкін.

Бұл оқиға Шөлдала массивіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. 23 жастағы азамат ауласына кірген итке айыр тығып алған. Жаралы итті еріктілер ұстап ветеринарлық клиникаға жеткізген. Әрі қарай иесіз жануарларға арналған арнайы қоражайға орналастырды. 

Әбсамат Бекмұхамбетов, облыстық Полиция департаментінің басқарма басшысы:
Сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Қазіргі таңда қылмыстық іске қатысты тиісті зоологиялық сот сараптамасы тағайындалды. Аталған сараптаманың қорытындысы нәтижесімен қылмыстық іс бойынша түпкілікті процесуалды шешім қабылданады.   

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу