Қостанай облысында аптап ыстықтан орман өрті қаупі күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында аптап ыстықтан орман өрті қаупі күшейді

18.05.2021

Қостанай облысында аптап ыстықтың салдарынан ормандарда өрт шығу қаупі күшейді. Бір аптадан бері өңірде ауа температурасы 30 градустан жоғары болып тұр. Күн жылығалы 4 рет орман алқабы өртенген. Ал былтыр маусым айына дейін мұндай төтенше оқиға бірде-бір рет тіркелмеген еді. Көбіне адамдардың жауапсыздығы өрттің шығуына себеп болады. Сондықтан төтенше жағдай қызметі қауіптің алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. 200-ге тарта адамнан тұратын 53 жедел топ түсіндіру жұмыстарына кіріскен. 76 заңды және жеке тұлға әкімшілік жауапқа тартылған.

Алмас Төлендин, ТЖД өрт қауіпсіздігін бақылау басқармасының бастығы:
Аптап ыстықтың әсерінен қазір аймақта орман өрті қауіптілігінің төртінші дәрежесі белгіленді. Сондықтан тұрғындарды аса мұқият болуға шақырамыз. Қазір орманда және орманға жақын аумақта от жағуға, ашық отты пайдалануға тиым салынған. Егер осы талаптарды бұзғандар әшкереленсе олар әкімшілік жауапқа тартылып, қомақты айыппұл төлейтінін ескертеміз. 

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу