Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта тұр

18.05.2021
Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта тұр

Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Айтуынша, науқастану көрсеткіші бойынша еліміз әлемдік рейтингіде 221 елінің ішінде 105-орынға, ал өлім-жітім бойынша 106-орынға жайғасты. 

«Соңғы екі аптада ауру жұқтыру өсімі алдыңғы апталармен салыстырғанда 20 пайызға төмендеді», - деді министр. 

Еліміздің 6 өңірі «қызыл» аймақта тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Атырау облыстары;

«Сары» аймақта 5 өңір: Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы.

Ал қалған 6 өңір «жасыл» аймақта.

коронавирус Үкімет

Хабарламаларға жазылу