Осы уақыт аралығында Тәжікстанда өмір сүрген Әсел Дүйсенбаевны туысқандары мен оған іздеу салған еріктілер пойыздан күтіп алды. 16 жасында Әселді әке-шешесі вокзал маңынан жоғалтып алады. Перзенттерінен қапияда көз жазып қалған ата-ана іздеу салғанымен, еш нәтиже болмайды. 2013 жылы Душанбеге іссапармен барған кәсіпкер Нұрқасым Хамзаұлы даяршы болып жұмыс істеп жүрген Әселді кездестіріп, оның Қазақстан азаматы екенін біледі. Құжатсыз жүрген бойжеткенге кәсіпкер көмек қолын созып, оның елге келуіне себепші болады.
Әсел Дүйсенбаева:
- Отаныма, отбасыма оралғаныма өте қуаныштымын. Елге келуге көмектескен барлық адамға рақметімді айтамын.
Нұрқасым Хамзаұлы, кәсіпкер:
- Құжаты жоқ екен, ауылға алып келейін деп едім. Әселмен күн, апта, бір ай сайын хабарласып тұрдым.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.