Қазақстанда 1 844 938 адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Оның ішінде 759 059 адам вакцинаның екінші компоненін алған.
Екпе салдырғандардың басым бөлігі Алматыда тұрады. Онда вакцинаның бірінші компонентін 273 866 адам, екінші компонентін 155 820 адам салдырған. Ал екпе салдырғандар саны аз өңір - Маңғыстау облысы. Мұнда екпенің бірінші компонентін 34 725 адам, екінші компонентін 13 844 адам алған.