Жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасы қолданысқа енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасы қолданысқа енді

16.05.2021

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойғанын Ақорда сайты хабарлады.

Сонымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасы қолданысқа енді. Айта кететіні, Парламентте қаралып жатқанда қоғам белсенділері бұл заң шетелдіктерге жерді орман өсіруге жалға беруге тыйым салмайтынын айтып, наразылық білдірген еді. Сөйтіп Сенатта талқыланған кезде жеке орман өсіру үшін жер учаскелерін тек Қазақстан азаматтарына және шетелдік үлесі жоқ Қазақстанның заңды тұлғаларына беру туралы өзгеріс енгізілді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 20 сәуірде елдегі жолдардың сапасына сынап, артынша бірнеше лауазым иесі қызметінен босатылған. Арасында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автожолдар комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов болған. Осы жұмада Президент сынаған сол шенеуніктің Жол активтері ұлттық сапа орталығы бас директорының орынбасары болып тағайындалғаны жария болды.

Индустрия министрлігінің кадр резервінде маман қалмаған сияқты. Немесе Сайранбек Бармақов бекер күйіп кеткен. Әйтпесе қалай?


Хабарламаларға жазылу