Оның бұл әрекеті бейнебақылауға түсіп қалған. Бүгін Ұлттық Ұланның Бас қолбасшылығы журналистерге осылай деді. 20 ақпан күні Әліби Сапа оқиға болған түзеу мекемесіндегі №9 қарауыл мұнарасын күзеткен. Ал, мұндай күзет мұнараларының бәрінде камералар бар. Тергеу, тексеру жұмыстары кезінде алынған бейнежазбада сарбаздың өзін-өзі ату сәті анық көрінеді.
Марқұмның мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз. Командирлері мен әскери борышын бірге өтеп жүрген қатарластары тергеу тобының өкілдеріне Әлібидің алғыр сарбаз болғанын айтқан. Мінез-құлқынан ешқандай өзгеріс байқалмаған. Марқұмның мәйіті туған жері Алматы облысының Талғар ауданына бүгін жеткізіледі.
Мұхаметқали Сатов, ҚР Ұлттық Ұланы бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор:
- Бейнежазбада анық көрініп тұр. Ол қаруды өз еркімен алады, оқтайды да, өзін-өзі атады. Қасында ешкім болған жоқ. Ол жалғыз тұрды.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.