Елордада «Бопай ханым» тарихи трагедиясы сахналанды. Премьера Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында өтті. Қойылым егемендігіміздің 30 жылдығына орайластырылып отыр. Бопай ханым – Әбілқайыр ханның зайыбы. Ел тыныштығы мен бірлігі үшін пенде басындағы қайғыны да, ауыртпалық пен алауыздықты да жеңе білген қазақ әйелі. Туынды авторы – жазушы, драматург Роза Мұқанова. Бопай ханым бейнесін бірінші құрамда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Лейло Бекназар-Ханинга сомдайды. Қойылым алдындағы баспасөз мәслихатында актрисаның шығармашылығына арналған «Лейло» кітабының таныстырылымы өтті.
Жұлдызбек Жұманбай, қоюшы режиссер:
Бопай ханым сахнаға тұңғыш рет шығып тұрғанан кейін, әрине, бұны сіз қалай көрсетсеңіз солай қабылдайды. Балаға беретін тәрбиесі, саясатқа араласуы, Әбілхайыр ханды сүюі. Осындай дүниелер. Тарихи дүниеде ең қиыны – қателеспеу.
Дарын Сағитов