Ақмола облысында 63 мың адам екпе алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 63 мың адам екпе алды

14.05.2021

Ақмола облысында 63 мың адам екпе алды. Қазір медицина мекемелерінен бөлек, ірі сауда орындарында, демалыс күндері қоғамдық жерлерде вакцина салатын кешендер жұмыс істеуде. Дәрігерлер кәсіпорындар мен мекемелерге барып та екпе салып жатыр. Ол үшін ұжымнан денсаулық сақтау ұйымына өтініш жіберу қажет.

Сондай-ақ, мамандар ауыл ауылды аралап, тұрғындарға қызмет көрсеуде. Өңірде вакцинаның қоры жеткілікті.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу