Түркияда туристерді елге демалысқа шақырған жарнама қоғамның наразылығын тудырды. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнероликте қонақүй қызметкерлерінің вакцина алғаны айтылады. Сондықтан шетел азаматтары емін-еркін демалысын өткізе алады екен. Жұрттың ашуына тигені де осы. Жергілікті тұрғындар пандемияға байланысты карантинді сақтап, үйде отыруы тиіс. Бұған наразы жұрт туризм министрін қызметтен босатуды талап етті. Ел билігі «ковид» жұқтырғандар саны күніне 5 мыңға дейін азайса, саяхаттауға рұқсат беріліп, шектеулер маусымда жеңілдетіледі деген. Ал өткен тәулікте 11500-ден астам адамнан вирус анықталды.
Жансая Қапасқызы