Сәтбаев қаласындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар 55 адамға сот үкімі шықты. Кінәлілердің барлығы айыптарын мойындап, прокурор ұсынған жазамен келісті. 9 адам 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал 44 адамға 4 жыл және екеуіне 1,5 жылдан шартты жаза тағайындалды.
Еске сала кетсек, былтыр шілде айының 23-нен 24-не қараған түні Сәтбаев қаласында кішкентай бүлдіршіннің жоғалуына байланысты жаппай тәртіпсіздік орын алған еді. Кейін қыз бала көрші пәтерлердің бірінен табылды. Ашуға мінген тұрғындар баланы ұрлап, зорламақ болған күдіктіні қолдарына беруді талап етіп, полиция бөліміне шабуылдап, қызметтік көліктерді қиратқан болатын. Бірнеше күннен соң педофил тергеу изоляторында асылып қалды.
Руслан Нұрланұлы