Алматыда самокаттармен 30-ға жол апаты болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда самокаттармен 30-ға жол апаты болған

14.05.2021

Алматыда электросамокаттар мен мопедтердің жол апатына ұшырауы жиілеп барады. Жыл басынан бері 30-ға тарта оқыс оқиға болған.

Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы айтты. Арнайы талдау негізінде шахардағы жол-көлік апаттары жиі болатын 33 қауіпті аймақ анықталды. Жол апаттарын азайту мақсатында мұндай учаскелер жаңартылатын болды. Жүргізушілердің назарын аудару үшін кейбір көше қиылыстарында ерекше таңбалар қолдану да жоспарланған. Жалпы полицейлер мегаполисте соңғы уақытта самокаттар мен мопедтердің күрт көбейгенін атап өтті.

Қанат Түймерденов, қалалық ІІД басшысы: 
Қалада 2-2 жарым мыңға жуық адам самокат және мопед қолданады. Олардың көбі курьерлер. Оқыс оқиғалардың салдарынан 1 адам қаза тапты және 29 адам түрлі жарақат алды. Сондықтан біз курьерлік компаниялардың басшыларымен кеңес өткіздік. Нәтижесінде жол ережесін сақтау, жеткізушілер мен олардың көліктерінің есебін жүргізу бойынша бірқатар ұсыныс әзірленді.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу