Үндістанның Ассам штатында найзағайдан 18 піл мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанның Ассам штатында найзағайдан 18 піл мерт болды

14.05.2021

Үндістанның Ассам штатында найзағай түсіп, 18 пілді мерт қылды. Жануарлардың өлексесін орманнан тұрғындар тауып алған. Жергілікті билік өкілдері осынша пілдің жаппай қырылуына алаңдаушылық білдіріп, оларды арнайы тексеріске жіберді. Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай штатта бұрын-соңды болмаған.

Айта кетейік, әлем бойынша Азиялық пілдердің жартысынан астамы Үндістанда мекендейді. Кейінгі жылдары олардың саны едәуір азайған. Пілдер тіршілік ететін табиғи ортаның тарылуы мен барконьерлердің әрекеті бұған бірден бір себеп.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу