Теңге нығайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңге нығайып келеді

13.05.2021

Валюта бағамына тоқталсақ. Бүгін теңге долларға шаққанда сәл нығайды. Қазір америкалық көк қағаз 427, Еуро - 515, рубль - 5 теңге 60 тиын.

Ұлттық банк өкілдері бұған әдеттегідей мұнай бағасының өсуі себеп дейді. Қара алтын сәуірде 6 пайызға қымбаттаған еді. Оның үстіне АҚШ-тың инфляциясы өткен айда 4,2 пайызға өсіп, қор биржасында акциялардың құлдырауы долларға кері әсер етуде.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу