Мемлекеттік хатшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысын өткізді

13.05.2021

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы комиссияның отырысы өтті. Жиында Жол картасы бағдарламасының маңыздылығы талқыланды. Сондай-ақ, жемқорлықпен ұсталған қызметкерлердің басшыларын да жауапкершілікке тарту, отставкаға жіберу мәселелері қаралды.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жетекшілерінің есебі тыңдалды. 

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу