Әлем мұсылмандары Ораза айтты атап өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем мұсылмандары Ораза айтты атап өтіп жатыр

13.05.2021

Күллі әлемдегі мұсылмандар да Ораза айт мейрамын тойлап жатыр. Пандемияға қарамастан, бірқатар мемлекеттерде халық мешіттердің алдына жиналып, намаз оқыды. Коронавирустың қайта өршуінен қауіптенген бірқатар елдердің билік өкілдері жұртшылықты мейрам күндері алыс-жақын сапарлардан бас тартуға шықырып отыр.

Ал Индонезия, Мысыр мен Иракта Ораза айт намазын мешіт ішінде оқуға рұқсат берілген. Алайда мінәжат етушілер маска тағып, ара-қашықтық сақтауға міндетті.

Израиль мен Хамас қозғалысы арасындағы қақтығыстар өршіп тұрса да, Иерусалимде жүз мыңдай мұсылман Әл-Ақса мешіті алдына жиналып, Құдайға құлшылық етті. Олар бір-біріне қолдау білдіріп, соғыстың аяқталуын тіледі.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу