Елімізде тұқым шаруашылығын дамыту ісі ақсап тұр - Сенатор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тұқым шаруашылығын дамыту ісі ақсап тұр - Сенатор

13.05.2021

Елімізде тұқым шаруашылығын дамыту ісі ақсап тұр. Сенатор Ақылбек Күрішбаев Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында осылай деді. Шетелден әкелінетін тұқымдардың біздегі топырақ пен климаттық жағдайға бейімделуі қиындық тудырып отыр. Салдарынан ауыл еңбекккерлері жинайтын өнім көлемі азайып келеді. Бұлай жалғаса беретін болса, импорттық өнімдерге толық тәуелді болуымыз мүмкін, - дейді депутат. Сондықтан, стандарттар мен ғылыми-әдістемелік базаны жаңарту жөніндегі заңнамалық базаны күшейту қажет. Зертханалар жұмысын нығайтып, дақылдардың генетикалық ресурстарының Ұлттық банкін ұйымдастыру маңызды. Бұған қоса сенатор отандық сұрыптарды субсидиялау тетігін қайта қарау керек деп санайды.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Селекция мен тұқым шаруашылығы біздің мемлекеттік органдардың назарынан тыс қалғанын ашық айту керек. Бүгінде біз сорттар мен гибридтердің шамамен 70 пайызын, тіпті бірқатар дақылдардың 100 пайызын шетелден алатындай мүшкіл халге жеттік.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу