Мексикада екпе аяғы ауыр әйелдерге салына бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада екпе аяғы ауыр әйелдерге салына бастады

13.05.2021

Коронавирусқа қарсы вакциналардың әлем бойынша 1,3 миллиард дозасы салынған. Алайда екпеге қол жеткізе алмай отырған елдер қатары әлі де көп. Індетке қарсы вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры да салдырды. Бұл туралы ол өзінің «Твиттер» парақшасында жазды. Адамдарды елде вакцина болса оны міндетті түрде салдыруға шақырды.

Мексикада екпе аяғы ауыр әйелдерге де егіле бастады. Науқанға құрсақ көтерудің тоғызыншы аптасынан бастап қатысуға рұқсат.

Андрес Мануэль Лопес Обрадор, Мексика президенті:
Жүкті әйелдер осал топқа жатады. Сондықтан, оларды аурудан қорғау керек. Аяғы ауыр әйелдер және бүкіл мектеп ұстаздары 10 күн ішінде вакцина алады деп жоспарлап отырмыз.

Ал АҚШ-та вакцинациялау қарқыны бәсеңдеген. Осыған байланысты екпе салдыру үшін халықты ынталандыру шаралары қолға алынды. Огайо штатының губернаторы вакцина алғандар арасында 1 миллион долларлық ұтыс өткізеді. Сондай-ақ, университет гранттары, бейсбол ойынына билеттер тарататынын жариялады.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу