Хамас пен Израиль әскері арасындағы қақтығыс жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хамас пен Израиль әскері арасындағы қақтығыс жалғасып жатыр

13.05.2021

Бүгін Хамас қозғалысы мен Израиль армиясы бір-біріне тағы да жүздеген снаряд жіберді. Одан қанша адамның қаза тапқаны белгісіз. 

Палестиналық қарулы топ Тель-Авив пен Иерусалимге ракета жаудырса, Израиль Газа секторындағы хамастықтардың позицияларын бомбалап жатыр. 

Бұл жанжал дүйсенбіде ушықты. Содан бері Газада 67, Израильде 7 адам мерт болып, жүздегені жараланып, мыңдаған тұрғын үйлерін тастап кеткен. 

Ал, Лорд қаласында коменданттық сағат жарияланса да арабтар мен еврейлер қақтығысып жатыр.

Аймақтағы ахуалдың қиындауына еврейлердің Шығыс Иерусалимдегі мұсылмандар мен иудейлер үшін қасиетті саналатын жерден араб отбасыларын күшпен көшіру әрекеті себепші. Сонымен қатар, Израиль Дамаск қақпасы маңындағы алаңға полиция шоғырландырған. Бұл шешім де Хамастың үлкен наразылығын тудырды.

Арыстан Рысбек

израиль хамас

Хабарламаларға жазылу