Қарағанды облысында жылжымалы вакциналау кешендері жұмыс істеуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында жылжымалы вакциналау кешендері жұмыс істеуде

12.05.2021

Қарағанды облысында бүгінгі күнге дейін 136 мыңнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды. Ал екеуін салдырғандар саны 53 мыңға жуықтады. Өңір бойнша 115 екпе кабинеті бар. Бұған қоса шалғай елдімекендер мен қалалардағы адам көп шоғырланатын жерлерді арнайы жылжымалы вакцинациялау кешендері аралап жүр. Олар саябақтар, вокзалдар мен сауда орындары маңында таңертеңгі сағат 10-нан бастап, кешкі 7-ге дейін жұмыс істеуде. Әрқайсы күніне кемінде 50 тұрғынға қызмет көрсетеді.

Елена Крутько, Теміртау қаласының тұрғыны:
Әрине бастапқыда екпе туралы толық білмедім. Мына жылжымалы вакцина қызметінің мамандарымен кездесіп, олар маған толыққанды ақпарат берді. Вакцина індеттен қорғанудың бірден-бір жолы екенін түсініп, оны салдыруға ерікті түрде келісімімді бердім.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу