Қарағандыда әкімдік жұмысшысының қазасына қатысты себептер мәлім етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда әкімдік жұмысшысының қазасына қатысты себептер мәлім етілді

12.05.2021

Қарағанды қалалық әкімдігі ғимаратының жоғарғы қабатынан құлап қаза тапқан азаматтың өліміне жұмыс беруші тараптың да кінәлі екені анықталды. Бұл облыстық еңбек инспекциясы басқармасы тарапынан жүргізілген комиссия тексерісінен соң белгілі болды. Атап айтсақ, жұмыс өндірісінің дұрыс ұйымдастырылмауы, қырағы түрде бақылауға алынбауы және зардап шегушінің абайсыздығы сынды бірнеше себептер ашылып отыр. Тексеріс қорытындысы полицияға жіберілген. Еске салсақ, 19-шы сәуір күні әкімдіктің 4-ші қабатынан 37 жастағы жұмысшы құлап, көз жұмған еді.

Айзада Жұмабекова, облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың ресми өкілі: 
Жұмыс өндіруші тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы көрінетін жұмыс өндірісінің қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы, зардап шегушінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтауға қатысты нұсқаулықтарды сақтамағанын білдіретін өрескел абайсыздығы белгілі болды. Арнайы тергеу аяқталғаннан кейін ҚР еңбек туралы заңына сәйкес тексеріс қорытындысы тиісті шаралар қабылдау үшін аумақтық полицияға жіберілді.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу