Президент адвокаттық қызмет туралы заңды қайта тексеруді сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент адвокаттық қызмет туралы заңды қайта тексеруді сұрады

12.05.2021

Президент адвокаттық қызмет туралы заңның Конституцияға сәйкестігін қайта тексеруді сұрады. Бұған дейін қорғаушылар заңгерлердің еркіндігіне қатысты біраз мәселе назардан тыс қалғанын жеткізген еді. Мемлекет басшысы осыған байланысты Конституциялық кеңеске тапсырма берді. Құқық қорғау, ғылыми және осы салада маманданған өзге де ұйымдар Конституциялық Кеңеске өз қортындыларын жібере алады. Сондай-ақ адвокаттар 20 мамырға дейін ұсыныс жолдай алады. Айта кетейік, бұл заң осыған дейін Парламент тыңдауынан өтіп, Президенттің мақұлдауына жіберілген еді.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу