Оралда балабақшаның төбесі құлады (Толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда балабақшаның төбесі құлады (Толығырақ)

13.02.2019

Оралда балабақшаның төбесі құлады.  Абырой болғанда, балалар дін аман. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға таңертеңгілік уақытта болған. Ғимарат төбесіндегі ағаш сынып, шатыры ортасына түскен. Бірақ ішкі бетон қабатқа зияны тимеген.

Құтқарушылар шатырдың қалың қарды көтере алмай опырылғанын айтады. Балабақша құрылысы 1990 жылы салынған. Қазір мекемеде 151 бала тәрбиеленеді. Шатырды қалпына келтірмек.

Қарлыға Аянғалиева, қалалық №19 «Золотой петушок» бөбекжайының директоры:

Таңертеңгілік уақытта қар тазалап бастап жатқан уақытта бір шифры сынып кетті. Содан төбеден қар түсіп кетті. Жұмыс істеп жатқан адамдарға, . балаларға зиян келген жоқ, балалар іште болған. Жұмыс істеп жатырмыз.

Бақытжан Ихсанов, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы:

Облыс бойынша қазіргі таңда осы оқиға бойынша 6 факт тіркелген. Қала бойынша 4 жағдай тіркелген.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу