Алматыда 90 адамның атынан несие рәсімдеген әйел сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 90 адамның атынан несие рәсімдеген әйел сотталды

11.05.2021

Алматыда өзгелердің атынан онлайн несие рәсімдеген алаяқ әйел жазаға тартылды. Қалалық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 1987 жылы туған азаматшаның ісіне қатысты 90-нан астам адам полицияға арызданған. Тергеу барысында азаматша тұрғындардың жеке деректерін алып, кейін шағын қаржылық ұйымдардан несие рәсімдегені анықталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталып, күдіктінің кінәсі толық дәлелденді. Ол соттың үкімімен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.


Хабарламаларға жазылу