Қашаған кен алаңында Теңіз табанын тереңдету жұмыстары басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қашаған кен алаңында Теңіз табанын тереңдету жұмыстары басталады

06.05.2021

Атырау облысындағы Қашаған кен алаңында Теңіз табанын тереңдету басталды. Экологтар бұл жұмыстардың табиғатқа залалы жоқ деп отыр. Түптереңдету құрылысының жүзеге асу барысымен Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов бастаған құзырлы орган өкілдері арнайы барып танысты. Бұған дейін, Каспий қайраңындағы мұнай-газ өндірісін дамытуға арналған жобаға табиғат жанашырлары алаңдаушылық білдіріп келген еді...

Тереңдету жұмыстары жүргізілетін жолдың ұзындығы 56 шақырымды құрайды. Бұл - мұнай өндірісі орналасқан аралдарды өзара жалғап, сырттан тасымалданатын жүктердің тез әрі кедергісіз жетуіне ықпал етеді. Экологтар - жобаның қоршаған ортаға тигізер залалы жоқ дегенді айтады. Өйткені жұмыстар тек жаз айларында ғана жүргізіледі. Сондықтан көктемде балықтар мен құстардың миграциясына қауіп жоқ.

Сағиден Ербөлеков,  компанияның экологы: 
Жобаның балықтың, итбалықтардың көшіп қону миграциясына тікелей әсері жоқ. Себебі бұл итбалықтардың көбею кезеңі қыс айларында жүргізіледі. Мысалы Бекіре тұқымдас балықтар шағыс-және батыс жағалауымен жүреді.
Зұлфұхар Жолдасов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:
Негізі балық жағынан құс жағынан жан-жақты ғылыми қортынды бар. Біздің комитет жобаны орындау кезінде экологиялық шаралардың орындалуын теңізге шығып біз бақылауда ұстаймыз.

 Теңіз түбін тереңдету - кезек күттірмейтін шаруа. Соңғы 10 жылда Каспий теңізі айтарлықтай тартылған. Қазір жасанды аралдар тұрған аймақтың тереңдігі 1,5-2 метрден аспайды. Бұл-өз кезегінде үлкен кемелердің қатынауына кедергі келтіріп тұр.

Питер Стурла,  жоба жетекшісі:
Теңіз табанынан алынған топырақ арнайы сорғы арқылы жинап алынады. Сөйтіп судың лайлануын 90 процентке дейін төмендете аламыз. Тереңдетуге ең озық технология пайдаланылады.

 Жобаны бақылайтын өңірде арнайы мониторнгтік топ құрылды. Оның құрамында табиғат жанашырлары мен мен экологтар бар.


Хабарламаларға жазылу