Электрондық аукцион өткізуге қойылған шектеу алынып тасталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электрондық аукцион өткізуге қойылған шектеу алынып тасталуы мүмкін

06.05.2021

Электрондық аукцион өткізуге қойылған шектеу алынып тасталуы мүмкін. Энергетика министрлігі тиісті заңнамаға түзету енгізілетінін хабарлады. Қазақстанда жер қойнауын барлау және пайдалану құқығын беретін сауда-саттықты жылына тек 2 рет өткізеді. Жауаптылар мұндай аукцион арқылы жерге меншік құқығы емес, тек жер қойнауын пайдалануға ғана рұқсат берілетінін еске салды. Соңғы рет онлайн сауда-саттық 23 сәуірде өтіп, оған 8 мұнай-газ учаскесі шығарылған еді.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу