Президент Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатыспайды

06.05.2021

Мемлекет басшысы қызыл алаңдағы шеруге бара ма? Журналистер тарапынан осындай сұрақтар келіп жатқандықтан баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде жазба қалдырды.  Президенттің Баспасөз қызметіне БАҚ өкілдерінен Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысатын-қатыспайтынын сұраған сауалдар келіп түсіп жатыр. Ресей тарапынан парадқа шақыру келген жоқ. Сондықтан Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде Мәскеуге сапар жоспарланбаған.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу