Қазақстан қырғыз еліне 10 мың тонна ұн жібереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан қырғыз еліне 10 мың тонна ұн жібереді

06.05.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқы атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды. Көрші мемлекетке 10 мың тонна ұн жіберіледі. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға кірісіп кетті.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу