Ардагерлерге мереке қарсаңында 1 млн теңге табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ардагерлерге мереке қарсаңында 1 млн теңге табысталды

06.05.2021

Елімізде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 665 ардагер мен жеңіске үлес қосқан 113 азамат бар.Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек көрсетілді. Одан бөлек, жыл сайын зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдер көлемі ұлғаюда. Мәселен, ай сайын екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандар - 182 мың, мүгедектігі бар ардегерлер – 188 мың, басқа мемлекет аумағындағы соғысқа қатысқандар– 198 мың, екінші дүниежүзілік соғыс қатысушыларына теңестірілгендер – 154 мың, Екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектеріне теңестірілгендер - 119 мың, тыл еңбеккерлеріне - 120 мың теңге көлемінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Сондай-ақ, бюджеттен және демеушілердің есебінен ардагерлерге тұрғын үйді жөндеу, отынмен қамтамасыз ету, жол жүру жеңілдіктері, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, тіс протездеу сынды әлеуметтік және материалдық көмектер көрсетіледі.

Асқар Ниязов, әлеуметтік көмек департаментінің директоры:
Барлық ардагерлер әскери қызметкерлерге тиесілі барлық кепілдіктерді алуға құқылы. Ол салықтық жеңілдіктер, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында орналасқан госпитальдерде емделу қарастырылған. Ай сайын 46 672 теңге көлемінде арнаулы жәрдемақы төленіп жатқанын айта кеткен жөн.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу