Сауд Арабиясы мен Иран бірнеше раунд келіссөз жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясы мен Иран бірнеше раунд келіссөз жүргізді

06.05.2021

Сауд Арабиясы мен Иран Бағдадта бір емес, бірнеше раунд келіссөз жүргізген.

Мұны Ирак президенті Бархам Салих Бейруттегі сараптамалық орталық өкілімен өткен сұқбатта мәлімдеді. Дегенмен, мемлекет басшысы ол кездесулер жайлы толық мәлімет бермеді.

Ал, кейбір дипломаттар Тегеран мен әр-Риядтың диалогқа баруы Таяу Шығыстағы шиеленісті жеңілдетеді деп үміттеніп отыр.

Бірқатар бақылаушының ойынша, сүнниттік Саудия мен шииттік Иран арасындағы тайталас тоқтамас, бұл аймақты үлкен соғысқа ұрындыруы да мүмкін.

Арыстан Рысбек


ирак сауд арабиясы

Хабарламаларға жазылу