Енді елдегі эпидахуалға келсек, коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 39 адам қайтыс болды. Көз жұмғандар, әсіресе, Алматы қаласы мен Елордада көп. Ал, қазір, 45 мыңға жуық адам емделіп жатыр. Олардың 800-ге жуығының жағдайы ауыр.
9 өңір әлі де «қызыл» аймақта. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Жамбыл облыстары. Ал, Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстары «сары» аймақта. Әзірге тек Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында жағдай қалыпты.
Бірақ, кеше ел бойынша тағы 2298 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық инфекция белгілері бар пневмонияға 29 адам шалдығып, 5 науқас қайтыс болған.
Амангелді Сейітхан