Шалқардағы оқушы өлімінен кейін мектеп қызметкерлері жұмыстан қуылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шалқардағы оқушы өлімінен кейін мектеп қызметкерлері жұмыстан қуылды

07.02.2019

Ақтөбе облысының Шалқар қаласындағы оқушы өлімінен кейін мектеп қызметкерлері жұмыстан қуылды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі екі орынбасары мен сынып жетекшілері жұмыстан босатылды.

Құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізбегені үшін мектеп басшыларына сөгіс жарияланды. Естеріңізге салсақ, 26 қаңтар күні оқушылар жаға жыртысып, бір бала пышақ жарақатынан қайтыс болған еді.

Қаракөз Ерғалиева, комиссия мүшесі:

- Бірқатар кемшіліктер кездесті жұмыс барысында. Мұндай құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесінің жұмыс жопары жүйелі құрылмаған болды және құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесі уақытылы өткізілмеген, хаттамалар уақытылы жүргізілмеген.

Жақсыбек КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу