«Спутник V» вакцинасының екінші компонентін 45 күннен соң салдыруға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Спутник V» вакцинасының екінші компонентін 45 күннен соң салдыруға болады

05.05.2021

«Спутник V» вакцинасының екінші компонентін 45 күннен соң да, салдыруға болады. Бұл екпені ойлап тапқан Гамалей институты мамандарының тұжырымы. Яғни, ресейлік екпені 21-ші күннен бастап 90 күн аралығында салдырсаңыз, тиімділігі жойылмайды. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары баспасөз алаңында есеп беріп, екпе жайлы соңғы ақпараттармен бөлісті.

Елімізде 2,3 млн қазақстандықты қамтуға арналған вакцина қоры бар. Олар «Спутник V», QazVac и Синофарм екпелері. Бұлардың жасалу технологиясы әртүрлі болғандықтан екі компоненттің интервалы да әрқалай.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:
«Спутник V» бұрын 21 күннен соң алынатын, қазір өндіру екінші компонентін, Hayat-Vax бұл вакцинаның екінші компонентін екі төрт аптада алу керек.
Егер «Спутник V»-ді 21-ші күні салдырғыңыз келсе, тіркелген клиникада өтініш жазу қажет. 45 күнге жеткізбей ертерек екінші компонентін салудың ағзаға еш зияны жоқ дейді, - мамандар. Осы айда екпе алғандардың көрсеткіші сәуірмен салыстырғанда 12 есе артты. Бүгінге дейін 1,9 млн екпе дозасы қолданылды. Өкінішке қарай, пандемиямен күрес шараларын көлеңкелі бизнеске айналдырғысы келетіндер бар. Алматыда жалған вакцинация паспортын жасағандар анықталған.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Ол елдегі алғашқы жағдай. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Мұндай іспен айналысатындар жазасыз қалмайды. Бір қуантарлығы қазір халық екпе салдыруға белсенді. Вакцина алған 1 жарым млн тұрғынның тек 0.02 пайызы ғана ауырған. Бұл екпенің қаншылқты тиімді екенін айғақтайтын дәлел. Екпе егуді ұйымдастыруға бар жағдайды жасаймыз. Ендігі ретте бәрі халықтың қолында.
Сондай-ақ екпенің толық компонентін алғандар шетелден келсе, вахталық жұмыста болса, қызмет талабына байланысты ПТР тест тапсырмауға болады. Мамандар ағзада толық иммунитет қалыптасу үшін екі компонентінде салдырған жөн дейді.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Қазақстан бір айдан бері қызыл тізімнен шыққан жоқ. Соңғы үш апта ауру динамикасы бір деңгейде тұр. Ал өткен аптамен салыстырғанда ауырғандар көрсеткіші 2 пайызға төмендеді. Науқас көп тіркелген аймақтар тізімінде Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облысы тұр.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу