Қостанай облысының Арқалық қаласында 15 жастағы жасөспірім қарудан оқ атып екі адамды жаралады. 17 және 25 жастағы зардап шеккен екі бойжеткенге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Көп ұзамай күдікті де табылды. Әкесінің пневматикалық мылтығын алып жасырынып отырып адамдарды атқан 15 жастағы жасөспірім болып шықты. Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ата – анасының үстінен де әкімшілік іс қозғалды.
Дәуренбек Әбдібек