Елімізде бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау үшін кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин осылай деді. Биыл 47 мыңға жуық жобаға 2,5 трлн теңгеден астам жеңілдетілген несие беру көзделген. Кәсіпкерлердің өтініштерін қарау 21 күнннен 5 күнге қысқартылды. Кәсіпкерлерді қолдау аясы кеңейе түседі. Сондықтан, Үкімет басшысы бизнесті салықтық ынталандыру жөніндегі заңнамалық түзетулер пакетін қабылдауды тапсырды. 1 маусымға дейін Парламентте тиісті жұмыстар жүргізілуі тиіс. Айта кету керек, елімізде кәсіпкерлер үшін несие бойынша төлем мерзімі 1-шілдеге дейін шегерілді. Кейінге қалдырылған төлемдер 750 млрд теңгені құрайды.
Дарын Сағитов