Еуразиялық экономикалық одақ пандемиядан кейінгі қалпына келу кезеңіне өтуде. Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин осылай деді. Қазан қаласында өтіп жатқан басқосуда Үкімет басшысы одақ елдері арасындағы өзара сауда көрсеткіштерінің жақсарғанын атап өтті. Мәселен, қаңтар-ақпан айларында өзара сауда 9 млрд долларды құраған. Отырыс барысында өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2025-жылға дейінгі бағыттары бекітілді.
Асқар Мамин ҚР премьер-министрі:
Халықаралық нарықта өзгеріс тым жылдам. Сол себепті ортақ өндірістік жүйелерді қалыптастыру қарқынын едәуір жеделдету, өнеркәсіптік кооперацияны, одақтың қайта өңдеу әлеуетін арттыру және шоғырландыру қажет.
Дарын Сағитов