Ресейліктерге Америка визасын беру тоқтатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейліктерге Америка визасын беру тоқтатылады

30.04.2021

Мәскеудегі АҚШ елшілігі қызметкерлер санын қысқартып, ресейліктерге виза беруді тоқтатады. Құжат тек миграциялық және дипломатиялық сапарлар үшін қол жетімді. Аталған ереже мамырдың 12-де күшіне енеді. Бұған Кремльдің Америка өкілдігіне ресейліктерді жұмысқа алуға тыйым салуы себеп. Осыдан кейін дипмиссия штаты 75 пайызға қысқарады деп жоспарланып отыр. Айта кетсек, Ақ үй басшысы Джо Байден жаңа санкциялар аясында Ресейдің 10 дипломатын еліне жіберді. Мәскеу де осындай жауап қайтарып, Құрама штаттарды «дос емес елдер» тізіміне енгізді.

Аталған тізімде Чех Республикасы, Польша, Балтық елдері бар. Осыған байланысты Чехияда халық президент Милош Земанды Мәскеу мүддесін жақтады деп оған қарсы шерулетіп жатыр. Ол елде 2014 жылы қару-жарақ қоймасында болған жарылысқа ресейлік агенттерден бөлек, жарылғыш заттарды дұрыс сақтамау да себеп болуы мүмкін деген. 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу