Ақтауда біреудің жеріне ұрланып кірген ер адамды ит талап өлтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда біреудің жеріне ұрланып кірген ер адамды ит талап өлтірді

01.02.2019

Оқиға қала маңындағы гараждардың бірінде таңғы сағат 4:30 шамасында болған. Күзеті бар аумаққа ұрланып кірген кісіге бірнеше ит тарпа бас салған. Денесінің сау-тамтығы қалмаған адам жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға жеткізілген. Алайда, көп қан жоғалтқан оны дәрігерлер аман алып қала алмады. Әзірге оның кім екені белгісіз. Анығы - ішімдікке салынған, тұрғылықты мекенжайы жоқ адам болған.

Айгерим Ибатуллаева, МО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Алдын ала ақпараттарға сәйкес, аталған тұлға күзетулі тұрған жеке аймаққа бас сұғу нәтижесінде дене жарақатын алған. Аталған дерек Ақтау қалалық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеу тізіміне тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу