Түркістандағы жаңадан ашылған «Керуен сарай» туристік кешеніне карантин талаптарын бұзғаны үшін ірі көлемде айыппұл салынды.
Бұған дейін әлеуметтік желіде аталған кешенде жүздеген халық жиналып, шоу ұйымдастырылған бейнетүсірілім жарияланған болатын. Осы түсірілім бойынша тексеру жүргізіліп, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 335 455 теңге теңге көлемінде айыппұл салды. Айта кетейік, бұған дейін қала әкімі Рашид Аюпов кәсіпкерлерге карантин талаптарын қатаң сақтауды ескерткен болатын.
Айнұр Ақбаева