Нұр-Сұлтан қаласындағы №9 емханада төрт күнде 150-ден астам еріктіге екпе салынды. Вакцина алушылар ешқандай кері әсерін сезген жоқпыз дейді. Мамандар екпенің шамамен бір жарым айда вирусқа төтеп бере алатынындай иммунитет қалыптастыратынын айтады. Емдеу мекемесінде Sputnik V және QazVac екпелері ұсынылып жатыр. Бірінші және екінші екпенің аралығы 21 күн.
Нұрсұлтан Асқаров, ерікті:
Вакцина алдым. Қазір маған отыз минуттай отыра тұр деді. Жарты сағат өтті. Барлығы жақсы. Ешқандай өзгеріс байқап тұрған жоқпын.
Гүлнар Төлебаева, Нұр-сұлтан қаласы №9 емхана бас дәрігерінің орынбасары:
Күніне 30-40 адамға саламыз. Жағымсыз әсер болған жоқ. Адамдар жақсы көтеріп жатыр.