Павлодар облысында 3 барымташы топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 3 барымташы топ ұсталды

01.02.2019

Барлығы 12 адам. 25 пен 40 жас аралығындағы жігіттер қазір қамауда отыр. Оның бір тобы Май ауданы шаруаларын талай жыл зар қақсатып келген. Бір жылда 74 бас жылқыны жоқ қылған. Кейінгі ұрланған 37-сі ғана иелеріне қайтарылған. Ал, Ақсу қаласына қарасты елді мекендерде жылқы ұрлап дәніккен 4 адам қылмыс үстінде қолға түсті. Ал, баянауылдық барымташылар ұрланған жылқыларды сойып, көрші Қарағанды облысына жөнелтіп отырған.

Нұрмағанбет Әбдірахманов, Криминалды полиция басқармасының бастығы:

- Баянауыл аумағында ұрлық жасағандарға қатысты тергеу жүріп жатыр. Олардың басқа да қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Негізі өткен жылы біз осы үш ауданда ұрланған 100-ге тарта жылқыны иелеріне қайтардық. Оларды қайда сойып, етін қай жерге тапсырғаны бәрі анықталды. Осы жылқы ұрлығына қатысы бар басқа да адамдарды білеміз, оларды тіркеуге алдық.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу