Қаллеки театрының симфониялық оркестрі халықаралық байқауда жүлдегер атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаллеки театрының симфониялық оркестрі халықаралық байқауда жүлдегер атанды

29.04.2021

Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының симфониялық оркестрі Швейцарияда өткен байқауда екі номинацияда жүлдегер атанды. Аспаптық музыка аталымында біздің жастарға тең келер ешкім табылмады. Оркестр Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындап, бас жүлдені иеленді. Конкурсқа әлем бойынша екі мыңдай өнерпаз қатысқан. Пандемия қаупіне байланысты олардың шеберлігі бейнетүсірілім арқылы бағаланды.

Ламбриан Топузидис 



Хабарламаларға жазылу