Қазақстан жазушылар одағының мүшелері де коронавирусқа қарсы вакцина салдырып жатыр. Арасында ресейлік «Спутник V» екпесінің екі компонентін алғандары да бар. Бјрінің жағдайы қалыпты, екпеден соң өздерін жақсы сезінетінін айтады.
Мұрат Шаймаран, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі:
Осы пандемия басталғаннан бері вакцина қашан шығар екен деп асыға күткен адамдардың бірі менмін. Вакцина шыққанда алақайлап қуандым. 14 сәуір күні вакцина салдырдым. Еуропадағы, Ұлыбританиядағы ғылыми журналдары мұның қауіпсіз екенін, тиімділігі 92% қорғайтынын дәлелдеп, жазып жатыр.
Саят Қамшыгер, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі:
Менде осыдан бірнеше күн бұрын «Спутник V» вакцинасын салғызған едім. Вакцина алу арқылы өзіміздің денсаулығымызды қорғаныш қабілетін арттырып, иммунитетімізді күшейту керек деп ойлаймын. Сондықтан вакцина алғызу өте дұрыс жол деп есептеймін.
Қуан Нұрақын