Жамбылдықтар КВИ-ге қарсы екпе алып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдықтар КВИ-ге қарсы екпе алып жатыр

29.04.2021

Жамбыл облысының он ауданында тұрғындарға екпе салынып жатыр. Өңірге бұған дейін ресейлік вакцинаның 81 дозасы жеткізіліп, 41 мың адам екпе алды. Ал, күні кеше отандық препаратының 2 мың дозасы тағы жеткізілді. Оны үш жүзден аса адам салдырған. Бүгін Тараздағы ең ірі «Ауыл береке» базарының кіре берісіне екі медициналық кешен қойылып, тұрғындарға екпе салынып жатыр. Денсаулығына шағымданғандар жоқ.

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу