Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері қамауға алынды. Олар жалған есеп айырысу құжаттарын дайындаумен айналысқан. Мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңге. Сол арқылы қызмет көрсету, тауарды қабылдау және жөнелту, жоспарланған жұмыстардың орындалғаны жөніндегі актілерді мемлекеттік органдарға тіркеген. Заңсыз операцияларды іске асыру мақсатында 17 кәсіпорын ашқан. Олардың жұмысы тек қағаз жүзінде көрсетілген.
Максим Зенгер, экономикалық қылмыстарды тергеу департаментінің жедел уәкілі:
2млрд теңгеден астам мемлекет қоржынына түсуге тиісті қаржыны өз пайдаларына бұрып жіберген. Мамандандырылған тергеу соты күдіктілерді қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Тергеу жалғасып жатыр.
Болат Аманбаев