Қазақстанда 2824 мүлік иелері бірлестігі құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 2824 мүлік иелері бірлестігі құрылды

29.04.2021

Көппәтерлі тұрғын үйлер баспананы басқарудың жаңа әдісіне көшіп жатыр. Пәтер иелері кооперативінің орнына мүлік иелері бірлестігі құрылып жатыр. Қазірдің өзінде ел бойынша 2800-ден аса бірлестік құрылған. Яғни баспана иелері өздері тұрғын үйді басқарады. Бастысы бәрі ашық. Бір үй-бір есепшот қағидасы бойынша жұмыс істейді. Тұрғындар үй кешенін дамыту, абаттандыру, көгалдандыру секілді жоспарына қатысты шешім де қабылдай алады. Бүгінде елорданың өзінде 250-ден аса мүлік иелері бірлестігі жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі «Экспо қала». Жаңа жүйенің арқасында аз уақыттың ішінде біраз шаруа тындырған.

Дәурен Сапарбек, «Экспо қала» мүлік иелері бірлестігінің төрағасы:
Камера санын көбейтеміз деген ойдамыз. Мысалға паркингте бізде камералар көп емес. Аулада өзіміз тал егеміз деген жоспар бар.

Шерхан Жамбылұлы


оси тұрғын .й кск астана

Хабарламаларға жазылу